10
ақпан
2026
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ДОСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №9 ІТ лицейінің 5-сынып оқушыларының өзара қарым-қатынасын жақсарту, сынып ішінде достық атмосфера қалыптастыру және бір-біріне деген сыйластықты арттыру мақсатында арнайы психологиялық-педагогикалық тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараны лицейдің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Р. Дусметова, аға тәлімгер және дене шынықтыру пәні мұғалімі У.Арымбекова бірлесе отырып өткізді. Тренинг барысында оқушыларды белсенді қатысуға, өз ойын еркін жеткізуге, бір-бірін тыңдауға және топта жұмыс істеуге бағытталған түрлі қызықты әрі танымдық ойындар ұйымдастырылды.





