04
қазан
2025
ХИМИЯ- БИОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ
Химия-биология апталығында 8”Ә” сыныбына химия пәні мұғалімі Бектаева Қарлығаш Басарқызы “ Қызықты химия” атты сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты- оқушылардың химия пәнінде өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылап, тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру, химия әлеміне саяхат арқылы білімдерін жинақтау, логикалық қабілеттерін жинақтау, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп ойын түрінде сайыс сабақ өтілді.Оқушылар әр түрлі тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап берді.Ойын түріндегі жаттығуларда білімді тексерумен қатар, логикалық ойлау мен жылдамдықты талап етті. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, білімберімен қатар шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сабақты қорытындылау барысында көп ұпай жинаған топ анықталып , барлық оқушылар ынталандыру мақсатында мадақталды.




