04
қазан
2025
ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ
Химия -биология апталығында 10 “Ә “сыныбына биология пәнінің мұғалімі Абдрашова Нургул Турдалиевна «Зияткерлік сайыс» атты сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін тереңдету, ойлау қабілеттерін дамыту және өзара жарысу арқылы пәнге қызығушылықтарын арттыру болды.
Сабақ барысында оқушылар бірнеше топқа бөлініп, әртүрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап берді. Тапсырмалар теориялық білімді тексерумен қатар, логикалық ойлау мен жылдам шешім қабылдауды талап етті. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сайыс нәтижесінде ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанып, ал қалған оқушылар да ынталандыру мақсатында мадақталды.


