04
қазан
2025
ЖЕКЕ ГИГИЕНА ЖӘНЕ УРОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 10–11 сыныптың ұл балаларына арналған «Жеке гигиена және урологиялық аурулардың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жиыны өтті.
Бұл кездесудің мақсаты – жасөспірімдерге жеке бас тазалығының маңыздылығын түсіндіру, ұл балалардың денсаулығын нығайтуға, зиянды әдеттерден сақтануға және урологиялық аурулардың алдын алуға бағыттау болды.
Жиын барысында лицейдің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Дусметова Н.Р., Жарықбасов А.Р., лицей медбикелері Лефентова Ольга, Алсейтова Ақмарал, сондай-ақ АПҚО жетекшілері Мошкалова Л.Д., Абенова Ж.А. жастарға мазмұнды дәрістер өткізіп, қажетті кеңестер берді.
Бұл шара – жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.




