ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ - БҮГІНГІ ҰСТАЗДАР » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ - БҮГІНГІ ҰСТАЗДАР
23
қыркүйек
2025

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ - БҮГІНГІ ҰСТАЗДАР

       
                Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейінің педагог-психологы Ә.Б.Бектаева мұғалімдер мен жас мамандарға  "Жарқын болашақ иесі - бүгінгі ұстаздар" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. 
🧘Психологиялық тренинг мақсаты: жас мамандардың өзіне деген сенімділігін қалыптастыру, ұстаздық мамандықтың маңыздылығын ұғындыру және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы олардың жарқын болашаққа деген көзқарасын нығайту.
🧘Тренинг барысында қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, түрлі психологиялық жаттығулар мен топтық ойындарға қатысты. Әр мұғалім өзінің кәсіби құндылықтарын айқындап, ұстаздық жолдағы мақсаты мен міндетін саралады. Сонымен қатар, жас мамандарға мотивациялық қолдау көрсетіліп, тәжірибелі ұстаздармен пікір алмасу жүргізілді. Тренинг соңында ұстаздар өз әсерлерін бөлісіп, алдағы жұмысқа серпін алды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив