18
қыркүйек
2025
ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ


10.09.2025 жылы Шымкент қаласы Білім Басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы 9 лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Б. С.Алмабаева мен А.А.Туйешиева "Тілдер тоғысқан мереке" онкүндігі аясында "Тілім менің-тірлігімнің айғағы"атты көркем сөз оқу (5-7сыныптар)арасында өткізді. Іс-шарада орта буын оқушылары мақал-мәтелдер айтудан жарысып, қазақ тілімен қатар өзге тілдерде де өлеңдер оқыды. Сонымен қатар дарынды оқушыларымыз домбырада күй шертіп, өз өнерлерімен бөлісті.