9 сынып ата-аналарына жиналыс
Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицей
06.02.2024ж Қатысқандар:
Ө.А.Жолдасбеков атындағы
№9 ІТ лицейінің директоры Г.С.Абилдаева,
Директордың орынбасарлары
9 сынып оқушыларың ата-аналары,
Психолог А.Бектаева,
9 сынып жетекшілері
Күн тәртібінде
1. І жартыжылдық оқу үлгерімінің қорытындысы (К.М.Куспанова)
2. Мамандық таңдау – болашақты таңдау (психолог Бектаева А.Б.)
3. 9 сынып оқушыларын кәсіптік колледждерде оқыту (Н.Р.Дусметова)
4. 9 сыныптардың қорытынды аттестаттауға дайындық жұмысы (М.Т.Намазбаева)
5. І жартыжылдықта 9 сыныптардың жетістіктері (Б.С.Алмабаева)
6. Әр түрлі сұрақтар
Тыңдалды:
Бірінші сөз лицей директоры Г.С.Абилдаева алды. 9 сынып ата-аналарымен лицейдің тынысымен таныстырды.
Келесі сөз ДОІЖО К.М.Куспанова алды. І жартыжылдық оқу үлгерімінің қорытындысы туралы қысқаша мәлімет берді.
9 сынып оқушыларының І жартыжылдық оқу үлгерімінің қорытындысы:
Барлығы -279 оқушы
Үздік -20 оқушы
Екпінді -102 оқушы
Орташа -157 оқушы
Білім сапасы -44%
Келесі сөз «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында лицей психологы А.Б.Бектаева сөз алды. Ата-аналарға психологиялық кеңес берді. Өз балаларына дұрыс мамандық таңдау мақсатында тренингтер өткізіп, қызығушылығына қарай дұрыс бағдар беру керек екендігін айтты.
Келесі сөз ДТІЖО Н.Р.Дусметова алды. 9 сынып оқушыларын кәсіптік колледждерде оқыту мәселесін көтерді. Қаладаға бар колледждер туралы мәлімет берді. Олардың орналасқан мекен жайлары, оқыту бағдарламалары, оқытатын мамандықтар мен стипендия туралы айтты.
Келесі сөз ДОІЖО М.Т.Намазбаева алды. 9 сыныптардың қорытынды аттестаттауға дайындық жұмысы туралы түсіндірме жұмыс өткізіді.
Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10)-сынып оқушылары үшін:
1) қазақ тілі/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2024 жылғы 29 мамыр;
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2024 жылғы 3 маусым;
3) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2024 жылғы 6 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2024 жылғы 10 маусым;
9 сыныптарға арналған қорытынды аттестациялаудың мерзімін және пәндерінен жүретін емтихандар туралы айтты.
Келесі сөз бейін оқыту ДО Б.С.Алмабаева алды. І жартыжылдықта 9 сыныптардың жетістіктері туралы қысқаша мәлімет берді. Олимпиадалар, спорттық іс-шаралардан орын алған жетістіктері туралы айтты. 9 сыныптар арасында І жартыжылдықта өткізілген тәрбие іс-шаралар туралы айтты.
Лицей әкімшілігі ата-аналардың сұрақтарына толығымен жауап берді.
Шешімі:
1. ІІ жартыжылдықта үлгерім сапасын көтеру
2. «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында жұмысты жалғастыру
3. 9 сынып оқушыларына кәсіптік мамандық алуға дұрыс бағдар беру жұмыстарын жүргізу
4. 9 сыныптардың қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын жүргізу, қосымша сабақтар өткізу
5. Оқушылардың жетістіктеріне қол жеткізу үшін әдістемелік көмек көрсету
Хатшы Э.Альжанова