«ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА» ЧЕЛЛЕНДЖІНІҢ ЖАЛҒАСЫ – ЖЕҢІМПАЗДАРҒА СЫЙ!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі қабырғасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі өз мәресіне жетіп, жеңімпаз сыныптар уәде етілген марапатқа ие болды. Бұған дейін челлендж қорытындысы бойынша ең көп кітап жинап, белсенділік танытқан сыныптар анықталған болатын. Челлендждің басты мақсаты – оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітап сыйлау мәдениетін қалыптастыру, рухани