19
ақпан
2026
«STOP STALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
2026 жылғы 19 ақпан күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі базасында Шымкент қаласы бойынша «STOP STALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ» ақпараттық науқаны аясында және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент ҚПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Тәукеев Төре Беркінбайұлы және аталған бөлімнің полиция майоры Байсейтов Саттар Мусабаевич, лицей инспекторы Ж.Шахалақ арнайы қатысып, білім алушылармен мазмұнды сұхбат құрды.
Іс-шара барысында:
«Сталкинг» ұғымының мәні, оның психологиялық және құқықтық салдары;
Құқық қорғау органдары өкілдері нақты мысалдар келтіре отырып, оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу – қауіпсіз әрі саналы қоғамның кепілі екенін атап өтті. Сонымен қатар, кез келген қысым, қорқыту немесе заңсыз әрекет жағдайында үнсіз қалмай, ата-анаға, мектеп әкімшілігіне немесе тиісті органдарға жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу барысында білім алушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық форматта пікір алмасты. Бұл өз кезегінде оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға және өзара құрмет қағидаларын нығайтуға ықпал етті.
Аталған іс-шара – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, цифрлық ортадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және «Жеке шекараға құрмет» құндылығын насихаттауға бағытталған маңызды қадам болды.





