АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
07
наурыз
2026

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 06.03.2026 жылы “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында Үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен  .  Бүгін «5 А»-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Сарсенова Гулнара Куатовна мен «Анамның аяулы алақаны!» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, ананы құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар ана туралы жылы сөздер айтып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар ананың мейірімі мен қамқорлығы жайында өз ойларымен бөлісті. Әртүрлі ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы балалар ананың өмірдегі ерекше орнын түсінді.
Оқушылар өз қолдарымен аналарына арнап жүрекжарды тілектер жазып, шағын сыйлықтар дайындады. Бұл сәт балалардың анаға деген шексіз махаббатын, құрметін көрсетті.
Ана – әр адамның өміріндегі ең қымбат жан. Сондықтан ананы сыйлау, құрметтеу – әр баланың басты борышы. Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы оқушылардың жүрегіне мейірім, сүйіспеншілік пен құрмет сезімдері ұялайды.Үйірме жетекшісі : Бөртебаев Бекжан Әбілқасымұлы «Ана туралы ән» жырлады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив