«ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА» ЧЕЛЛЕНДЖІНІҢ ЖАЛҒАСЫ – ЖЕҢІМПАЗДАРҒА СЫЙ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА» ЧЕЛЛЕНДЖІНІҢ ЖАЛҒАСЫ – ЖЕҢІМПАЗДАРҒА СЫЙ!
19
ақпан
2026

«ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА» ЧЕЛЛЕНДЖІНІҢ ЖАЛҒАСЫ – ЖЕҢІМПАЗДАРҒА СЫЙ!

Шымкент  қаласы  білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі қабырғасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі өз мәресіне жетіп, жеңімпаз сыныптар уәде етілген марапатқа ие болды.
Бұған дейін челлендж қорытындысы бойынша ең көп кітап жинап, белсенділік танытқан сыныптар анықталған болатын. Челлендждің басты мақсаты – оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітап сыйлау мәдениетін қалыптастыру, рухани құндылықтарды насихаттау және жас ұрпақты ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелеу еді.
🏆 Жеңімпаз атанған 7 «А», 5 «Б», 8 «Ә», 4 «Г» сынып оқушылары арнайы марапат ретінде кинотеатрға жолдама алып, тәрбиелік мәні зор Анаға хат көркем фильміне әр сынып  жетекшілері, ДТЖЖО  Н. Р. Дусметова мен ДОЖЖО бастауыш сыныптар бойынша И. О. Майлыбай барды.
🎬 Фильм мазмұны оқушыларға анаға деген құрмет, отбасы құндылығы, шынайы сезім, жауапкершілік пен адамгершілік тақырыптарын тереңінен ұғынуға мүмкіндік берді. Экрандағы оқиға желісі арқылы балалар ата-ана қадірін, алғыс айту мәдениетін және рухани байланыстың маңызын ерекше сезінді.
📖 Бұл іс-шара челлендждің мазмұндық жалғасы ретінде ұйымдастырылып, «кітап – рухани азық» қағидасының өмірмен байланысын көрсетті. Кітап арқылы басталған ізгі бастама кино өнері арқылы жалғасып, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сезім әлемін байытты.
🌟 Аталған шара оқушылардың тек оқу белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың мәдени талғамын қалыптастыруға, рухани дамуына және ізгі қасиеттерді бойына сіңіруіне оң ықпал етті.
Лицей ұжымы алдағы уақытта да білім мен тәрбиені ұштастыратын осындай мазмұнды жобаларды жүйелі түрде жалғастыра бермек.  
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив