06
наурыз
2026
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2026 жылдың 5 наурызында қалалық прокуратураның бастамасымен «Заң және тәртіп» тақырыбында сағат 16:30 да лицей акт залында жалпықалалық ата-аналар жиналысы ZOOM платформасы арқылы өткізілді.
Жиналыстың басты мақсаты – ата-аналарды оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстармен таныстыру болды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың қосымша білім беру үйірмелеріне қатысуының маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Жиын барысында Шымкент қаласы прокуратурасы тарапынан әлеуметтік желілерде іске қосылған «IDOS» платформасының мақсаты мен мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу аясында ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін сақтау, психологиялық қолдау көрсету, құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында нақты ұсыныстар мен кеңестер берілді. Сондай-ақ, лицей мен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету – қоғам мен отбасының ортақ жауапкершілігі болып табылады.

