ҚАМҚОР ЖОБАСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
наурыз
2026

ҚАМҚОР ЖОБАСЫ

Шымкент  қаласы  білім  басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінің оқушылары 10.03.2026 жыл күні  "Қамқор жобасы" аясында  мейірімділік пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болған игі іс-шара өтті. ДТЖЖО А.Т.Асилова және ұйымдастырушы-педагог М.Б.Үсен, жетекшісі  М.К.Каирбекова бастамасымен оқушылар Сайрам Көмекші Мектеп-интернат-колледж барып,қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар мектепке қажетті оқу құралдарын, кеңсе тауарларын табыстап, кішкентай достарына қуаныш сыйлады. Бұл тек материалдық көмек қана емес, ең алдымен – жүректен шыққан шынайы жанашырлықтың көрінісі болды. Балалар өз қолдарымен жинаған оқу құралдарын табыстай отырып, қамқорлық, жанашырлық, жауапкершілік сияқты адами құндылықтардың маңызын терең сезінді.
Кездесу барысында оқушылар өзара танысып, жылы әңгімелесіп, достық қарым-қатынас орнатты. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың бойында мейірімділік, ізгілік, әлеуметтік жауапкершілік сезімдерін қалыптастырады. Әсіресе жасөспірім кезеңде өзгеге көмек көрсету арқылы бала өз өміріндегі құндылықтарды қайта саралап, рухани тұрғыда байи түседі.
Қайырымдылық – тек көмек беру емес, ол – жүрек тәрбиесі. Осындай игі бастамалар арқылы оқушыларымыз «бірлік», «құрмет», «адамгершілік» ұғымдарының мәнін іс жүзінде түсінеді. Бұл шара өскелең ұрпақтың бойында қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылысты арттырып, жақсылық жасауға деген сенімді нығайтты.
Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді. Ал оны бала жастан үйрету – үлкен тәрбиелік мәнге ие. Бүгінгі қайырымдылық ісі – соның айқын дәлелі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив