ЖАЛПЫЛИЦЕЙІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде ата-аналармен тығыз байланысты нығайту, оқушылардың білім сапасын арттыру және тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында жалпылицейішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылының ІІІ тоқсаны қорытындыланып, алдағы маңызды кезеңдерге бағытталған өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды. Жиналыс барысында лицей директоры Г.С.Абилдаева білім беру үдерісіндегі ата-ананың рөлін ерекше атап өтіп, бірлескен жұмыстың маңыздылығына