“КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 6–10 сынып оқушылары мектепішілік кезеңнен сәтті өтіп, «Кітап оқитын ұлт» жобасының аудандық кезеңіне жолдама алып, өз білімдері мен белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсетті. Аталған байқауда 8-сынып оқушылары жүлделі ІІ орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Ш.Т. Айдосова. Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жобаға қатысқан барлық оқушылар мен жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз, алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!