13
сәуір
2026
ЖЕТІСТІК ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 9 «Ғ» сынып оқушысы Есіркеп Інжу оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының Республикалық форумы аясында өткен «Балалар мен жасөспірімдер қозғалысы ұстанымы» интерактивті алаңына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл жетістік – табандылық пен белсенділіктің, білім мен ізденістің нәтижесі. Інжуді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!


