ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ МЕН МАРАПАТЫ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » » ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ МЕН МАРАПАТЫ!
06
сәуір
2026

ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ МЕН МАРАПАТЫ!

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған, «Заң мен тәртіп» қағидасы мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына арналған қалалық зияткерлік куиз ойыны өз мәресіне жетті.
Бұл додада біздің лицей оқушылары ерекше білім деңгейімен, ұйымшылдығымен және тапқырлығымен көзге түсті.
📍 Аудандық кезеңде: Бақ сынаған 34 білім ұясының ішінен суырылып шығып,  ІІ ОРЫНДЫ иелендік! 🏆
🔥 Суперфиналда: Ең мықты командалармен иық тіресіп, лайықты ойын көрсеткені үшін оқушыларымыз Алғыс хатпен марапатталды!
👏 Бұл жетістік – ұжымдық еңбектің, білімге деген құштарлықтың жемісі.
📌 Жеңіске жетелеген:
ДТЖЖО Асилова Алима Туймехановна – игі іске ұйытқы болып, лицей атынан қатысушыларға зор қолдау көрсетті.
• Жетекші: Маханбетова Ару Кожантаевна – оқушыларды баптап, зияткерлік додаға жоғары деңгейде дайындады.
Лицейіміздің абыройын асқақтатқан жас зияткерлеріміз бен жетекшілерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Шабыттарыңыз таусылмай, жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер! 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив