9-СЫНЫП АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ -МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР АЛАҢЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » » 9-СЫНЫП АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ -МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР АЛАҢЫ
03
сәуір
2026

9-СЫНЫП АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ -МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР АЛАҢЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы жиналыс ұйымдастырылып өтті. Жиналыстың басты мақсаты – оқушылардың оқу жетістіктерін саралау, кәсіби бағдар беру жұмыстарының нәтижесін талдау және алдағы маңызды кезеңдерге дайындықты күшейту болды.
🔹 Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша мазмұнды баяндамалар ұсынылды:
📊 1. ІІІ тоқсан қорытындысы – білім сапасы сараланды
Оқу ісі жөніндегі орынбасар Б.С.Донаева 2025–2026 оқу жылының ІІІ тоқсаны бойынша білім сапасының қорытындысын таныстырды. Оқушылардың үлгерім деңгейі, сапа көрсеткіштері мен білім алудағы оң динамика және назар аударуды қажет ететін тұстар нақты деректермен көрсетілді.
🎯 2. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының нәтижесі
Кәсіби бағдар беруші А.Е.Шайзулла 9-сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстардың нәтижесін ұсынып, сауалнама қорытындыларын талдады.
Нәтижесінде:
196 оқушы болашақ мамандығын таңдаған;
64 оқушы әлі нақты шешім қабылдамаған.
Оқушылар таңдаған бағыттар арасында медицина, ІТ, құқық, педагогика, инженерия, экономика, шығармашылық және әскери сала басым екені анықталды. Бұл – оқушылардың қызығушылықтары мен заманауи сұраныстың үйлесімін көрсететін маңызды көрсеткіш.
📚 3. Қорытынды аттестация және жазғы сессияға дайындық
Б.С.Донаева емтиханға дайындық барысы, консультациялар кестесі, талаптар мен жауапкершілік деңгейі туралы нақты ақпарат беріп, ата-аналарға қолдау көрсету жолдарын түсіндірді.
🧠 4. Емтихан алдындағы психологиялық ахуал
Педагог-психологтар Ә.Б.Бектаева және Е.А.Пузанкова оқушылардың стресс деңгейін анықтау жұмыстарының нәтижесін баяндап, ата-аналарға балаларға психологиялық қолдау көрсету бойынша тиімді кеңестер ұсынды.
📈 5. SWOT талдау – болашаққа бағыт
Сынып жетекшілері «SWOT талдау: бүгінгі қадам – ертеңгі сенімді болашақ» тақырыбында оқушылардың күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін саралап, әр балаға жеке бағыт-бағдар берудің маңыздылығын атап өтті.
💬 6. Әртүрлі мәселелер
Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.
✨ Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналарға ұсыныстар:
9-сынып – шешуші кезең екенін ескеріп, баламен бірге алдағы оқу бағытын алдын ала талқылау;
Баланың қызығушылығы мен қабілетіне сай бағыт таңдауға қолдау көрсету;
Емтихан кезеңінде психологиялық жағынан қолдау білдіру;
Преподавателимен тығыз байланыста болып, оқу процесіне белсенді қатысу.
Бұл жиналыс – ата-ана, лицей және оқушы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтатын, баланың болашағына бағыт беретін маңызды алаң болды. Бірлесе қабылданған шешімдер мен жүйелі жұмыстар – әрбір оқушының жарқын болашағына жасалған сенімді қадам.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив