Материалы за 06.10.2026 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС !
06
қазан
2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС !
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицей ұжымы информатика пәнінің мұғалімі Тлеубаева Ақтолқын Жарылқасынқызын «Лучший педагог – 2026» республикалық байқауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтайды!  Еліміздің барлық өңірінен 1124 педагог қатысқан ауқымды байқауда Ақтолқын Жарылқасынқызы жоғары нәтиже көрсетіп, 35 балл жинап, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен педагогикалық еңбегі жоғары бағаланып, ол Қазақстан Республикасы Педагогтер қоғамының «Ы. Алтынсарин» қоғамдық
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ: САЙЛАУАЛДЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
06
қазан
2026
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ: САЙЛАУАЛДЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде білім алушылардың өзін-өзі басқару мәдениетін қалыптастыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында Мектеп Парламенті ұйымының ұланбасшыларын сайлау алдындағы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Сайлауалды түсіндірме жұмыстарын аға тәлімгер Э. Ж. Султанбаева және М. Үсен жүргізді.  Кездесу барысында білім алушыларға Мектеп Парламентінің мақсаты мен міндеттері, оқушылардың өзін-өзі басқарудағы рөлі, ұланбасы
ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
06
қазан
2026
ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ұстаз – жүрекке білім нұрын себетін, шәкіртке бағыт-бағдар беретін ұлы тұлға. Ұстаздан алған білім – өмірге бастар алғашқы баспалдақ.  Бастауыш сыныптарда «Ұстазым – білім бастауы» атты декаданың басталуына орай 1-сынып оқушылары өздерінің жүрекжарды құттықтауларын жолдады.  Бүлдіршіндердің бала жүрегінен шыққан ақ тілектері – ұстазға деген шынайы құрметтің белгісі.   Құрметті ұстаздар! Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз білімді де білікті, әр күніңіз қуаныш пен жетістікке толы болсын!
ЛИЦЕЙ ҰСТАЗЫНА-МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ
06
қазан
2026
ЛИЦЕЙ ҰСТАЗЫНА-МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ
Ұстаздар күніне орай лицейіміздің физика пәні мұғалімі Хальметов Кималь Рустамович Шымкент қалалық «Әділет» партиясы филиалының Алғыс хатымен марапатталды. Марапат педагогикалық еңбегі, кәсіби шеберлігі және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы елеулі үлесі үшін табысталды. Алғыс хатқа партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов қол қойған. Құрметті Кималь Рустамович! Лицей ұжымы Сізді лайықты марапатыңызбен шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт,
«ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ДУБЛЕР» КҮНІ ӨТТІ МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
06
қазан
2026
«ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ДУБЛЕР» КҮНІ ӨТТІ МЕКТЕП
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын жүзеге асыру, білім алушыларды еңбекке баулу, жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Дублер» күні ұйымдастырылды.  «Дублер» күні – оқушылардың ұстаздық және басқарушылық қызметтің қыр-сырын сезініп, үлкен жауапкершілікті түсінуіне мүмкіндік беретін тәрбиелік маңызы зор іс-шара. Бұл күні білім алушылар өздеріне бөлінген бағыттар бойынша
«ТУҒАН ЖЕРДЕЙ ЖЕР БОЛМАС, ТУҒАН ЕЛДЕЙ ЕЛ БОЛМАС»
06
қазан
2026
«ТУҒАН ЖЕРДЕЙ ЖЕР БОЛМАС, ТУҒАН ЕЛДЕЙ ЕЛ БОЛМАС»
05–09 қазан 2026 жыл | 2-апта Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2026–2027 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарын білім алушылардың бойына сіңіру мақсатында 2-аптаға арналған тәрбие және қауіпсіздік сабақтары жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Аптаның негізгі дәйексөзі:  «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» Бұл нақыл сөз жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, елін құрметтеуге, ұлттық
ЛИЦЕЙІШІЛІК ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ!
06
қазан
2026
ЛИЦЕЙІШІЛІК ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ!
Ағымдағы жылдың 3 қазан күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 5–6 сынып оқушылары арасында «Ұлттық лига» лицейішілік жарысы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру белсенділігін дамыту және командалық рухты қалыптастыру. Жарыс барысында оқушылар өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, спорттық шеберлігін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әр команда жеңіске деген
ЛИЦЕЙІШІЛІК БАСКЕТБОЛ ЖАРЫСЫ !
06
қазан
2026
ЛИЦЕЙІШІЛІК БАСКЕТБОЛ ЖАРЫСЫ !
Ө.Жолдасбеков  атындағы №9 лицейінде Ұлттық мектеп лигасы аясында жоспарға сәйкес лицейішілік баскетбол жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа 9–10–11 сынып оқушылары қатысып, спорттық шеберліктерін ортаға салды. Оқушылар ойын барысында өзара бақ сынасып, ептіліктерін, техникалық шеберліктерін және жоғары деңгейдегі спорттық дайындығын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен командалар жүлделі орындарға ие болды. Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Жас спортшыларға алдағы