06
қазан
2026
ЛИЦЕЙ ҰСТАЗЫНА-МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ

Ұстаздар күніне орай лицейіміздің физика пәні мұғалімі Хальметов Кималь Рустамович Шымкент қалалық «Әділет» партиясы филиалының Алғыс хатымен марапатталды.
Марапат педагогикалық еңбегі, кәсіби шеберлігі және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы елеулі үлесі үшін табысталды. Алғыс хатқа партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов қол қойған.
Құрметті Кималь Рустамович!
Лицей ұжымы Сізді лайықты марапатыңызбен шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби биіктер және шәкірттеріңіздің толағай жетістіктерін тілейміз!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін!
