06
қазан
2026
ЛИЦЕЙІШІЛІК БАСКЕТБОЛ ЖАРЫСЫ !
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицейінде Ұлттық мектеп лигасы аясында жоспарға сәйкес лицейішілік баскетбол жарысы ұйымдастырылды.
Жарысқа 9–10–11 сынып оқушылары қатысып, спорттық шеберліктерін ортаға салды. Оқушылар ойын барысында өзара бақ сынасып, ептіліктерін, техникалық шеберліктерін және жоғары деңгейдегі спорттық дайындығын көрсетті. 

Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен командалар жүлделі орындарға ие болды. 



Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Жас спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік, биік жетістіктер тілейміз! 
Жарысты ұйымдастырып, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға үлес қосқан дене шынықтыру пәні мұғалімі Д. У. Сүлейменовке алғысымызды білдіреміз! 
Спорт – денсаулық кепілі, жеңіс – табандылықтың жемісі



