06
қазан
2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС !

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицей ұжымы информатика пәнінің мұғалімі Тлеубаева Ақтолқын Жарылқасынқызын «Лучший педагог – 2026» республикалық байқауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтайды!
Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен педагогикалық еңбегі жоғары бағаланып, ол Қазақстан Республикасы Педагогтер қоғамының «Ы. Алтынсарин» қоғамдық наградасына ұсынылды.
Құрметті Ақтолқын Жарылқасынқызы!
Сізді лайықты жеңісіңізбен құттықтаймыз! Әрбір жетістігіңіз жаңа белестерге бастасын. Сізге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби толағай табыстар және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз!

