Материалы за 06.05.2026 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН ЖОБАСЫ 🥊ЖАС БОКСШЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІГІ🏆
06
мамыр
2026
ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН ЖОБАСЫ 🥊ЖАС БОКСШЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІГІ🏆
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейіміздің мақтанышы 7 “Б” сынып оқушысы Сабитбек Нұртас Республикалық туринирде деңгейде өткен, Шымкент қаласының кубогына арналған бокстан кіші жасөспірімдер арасындағы  +70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті Бұл – табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі. Жас спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
АДАЛ АЗАМАТ – ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ, ТӘРТІПКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
06
мамыр
2026
АДАЛ АЗАМАТ – ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ, ТӘРТІПКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінде «Адал азамат»біртұтас тәрбие жоспарына сай 2026 жылдың 6 мамыр күні құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу, түнгі клубтар мен түрлі ойын-сауық орындарында орын алуы мүмкін қауіптердің, сондай-ақ есірткі және күшті әсер ететін заттардың заңсыз
ШАБЫТ ЖОБАСЫ
06
мамыр
2026
ШАБЫТ ЖОБАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 10 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Г.А.Пошатаева мен бірге «Шабыт» жобасы аясында «Алдар» фильміне барып қайтты. Фильм барысында оқушылар ұлттық болмысты, тапқырлық пен әділдікке негізделген тәрбиелік мәні зор көріністерді тамашалап, ерекше әсер алды. Мұндай шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына оң ықпал етеді.
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ
06
мамыр
2026
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 7–8 сынып оқушыларына арналған «Зорлық-зомбылық» тақырыбында тағылымды сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, өзара сыйластық пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеу. Сабақты қала прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Әділет кеңесшісі Ергешов Батыр Шақшанбайұлы жүргізді. Сабақ барысында зорлық-зомбылықтың түрлері, оның қоғамға тигізетін кері әсері және заң алдындағы
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
06
мамыр
2026
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 9–10 сынып оқушыларына арналған « Буллинг » тақырыбында тағылымды сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылар арасында буллингтің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Сабақты қала прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары,Әділет кеңесшісі Ергешов Батыр Шақшанбайұлы жүргізді. Сабақ барысында буллингтің түрлері, оның салдары, заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен түсіндіріліп,