06
мамыр
2026
АДАЛ АЗАМАТ – ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ, ТӘРТІПКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Адал азамат»біртұтас тәрбие жоспарына сай 2026 жылдың 6 мамыр күні құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу, түнгі клубтар мен түрлі ойын-сауық орындарында орын алуы мүмкін қауіптердің, сондай-ақ есірткі және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымының алдын алу болды.
Аталған іс-шаралар аясында мектеп қызметкерлері лицей аумағына жақын орналасқан ойынханалар мен ойын-сауық орындарына профилактикалық рейд жүргізді. Рейд барысында кәмелетке толмағандардың заңсыз орындарда жүруінің алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіптің сақталуын бақылау басты назарда болды.
Бұл жұмыстар – тек бақылау емес, ең алдымен тәрбиелік мәні зор, жас ұрпақтың санасына адалдық, тәртіп, жауапкершілік және заңға құрмет секілді құндылықтарды сіңіруге бағытталған маңызды қадам.
Осындай жүйелі профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру және «Адал азамат» бейнесін нығайтуға ықпал етуде.
Біздің мақсат – саналы, тәртіпті, заңға құрметпен қарайтын, өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын жас ұрпақ тәрбиелеу!


