Материалы за 28.05.2026 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖЕТІСТІК
28
мамыр
2026
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖЕТІСТІК
Қытай Республикасының Hong Kong қаласында өткен Азия чемпионатында батуттық гимнастикадан жоғары шеберлік танытып, екі дүркін қола жүлдегер атанған 9 “Б” сынып оқушысы Тұрсын Еңлікті зор мақтанышпен күтіп алдық. Еңліктің бұл жетістігі — тынымсыз еңбек пен табандылықтың, қажырлы дайындықтың жемісі. Жас спортшымыз халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, мектебіміздің мерейін үстем етті. Осындай биік белестерді бағындырып жүрген Еңлікке алдағы жарыстарда да толағай табыстар, жаңа жеңістер
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН МЕМЛЕКЕТТІК АРАЛЫҚ ЕМТИХАН
28
мамыр
2026
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН МЕМЛЕКЕТТІК АРАЛЫҚ ЕМТИХАН
Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейінде 2026 жылғы 26 мамыр күні  5, 6, 7-сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мемлекеттік аралық емтихан жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Емтиханның негізгі мақсаты – білім алушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтап, олардың оқу барысында қалыптасқан білім, білік және дағдыларын бағалау болды. Емтихан барысында оқушылар берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өз білімдерін көрсете
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖҮЙРІК ОЙ
28
мамыр
2026
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖҮЙРІК ОЙ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің математика пәні мұғалімі Абдувалиев Жамшид Фархатович Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Математикалық регата» олимпиадасының қалалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұстазымыз математика пәніне деген жоғары қызығушылығы мен кәсіби біліктілігін танытып, логикалық ойлау мәдениетін дамытуға қосқан үлесі арқылы үздіктер қатарынан көрінді. Лицейіміздің абыройын асқақтатып жүрген
ЖАС ҰСТАЗ — ЛИЦЕЙ МАҚТАНЫШЫ
28
мамыр
2026
ЖАС ҰСТАЗ — ЛИЦЕЙ МАҚТАНЫШЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің жас мұғалімдері де кәсіби байқауларда белсенділік танытып, өздерінің шығармашылығы мен біліктілігін дәлелдей білді. Атап айтсақ, математика пәнінің мұғалімі Салман Мухаммед Шымкент қаласы бойынша өткен «Білім беру шебері» байқауының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, информатика пәнінен республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, республика бойынша жүлделі III орын иеленді. Бұл — ұстаздың кәсіби ізденісі мен еңбегінің нәтижесі. Лицейіміздің білім сапасын