Жетістіктеріміз » Страница 2 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
“КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ
17
сәуір
2026
“КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 6–10 сынып оқушылары мектепішілік кезеңнен сәтті өтіп, «Кітап оқитын ұлт» жобасының аудандық кезеңіне жолдама алып, өз білімдері мен белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсетті. Аталған байқауда 8-сынып оқушылары жүлделі ІІ орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Ш.Т. Айдосова. Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жобаға қатысқан барлық оқушылар мен жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз, алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
17
сәуір
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Шымкент қалалық тілдерді оқыту әдістемелік орталығы ұйымдастырған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қалалық байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лайық Кунзира Анарбайқызы қатысып, жүлделі  2-орынды иеленді. 
ЖЕТІСТІК ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
13
сәуір
2026
ЖЕТІСТІК ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 9 «Ғ» сынып оқушысы Есіркеп Інжу оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының Республикалық форумы аясында өткен «Балалар мен жасөспірімдер қозғалысы ұстанымы» интерактивті алаңына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – табандылық пен белсенділіктің, білім мен ізденістің нәтижесі. Інжуді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! 
ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ МЕН МАРАПАТЫ!
06
сәуір
2026
ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ МЕН МАРАПАТЫ!
Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған, «Заң мен тәртіп» қағидасы мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына арналған қалалық зияткерлік куиз ойыны өз мәресіне жетті. Бұл додада біздің лицей оқушылары ерекше білім деңгейімен, ұйымшылдығымен және тапқырлығымен көзге түсті.  Аудандық кезеңде: Бақ сынаған 34 білім ұясының ішінен суырылып шығып,  ІІ ОРЫНДЫ иелендік!  Суперфиналда: Ең мықты командалармен иық тіресіп, лайықты ойын көрсеткені үшін
СҮЙІНШІ! «АЛТЫН ҚАЗЫНАДА» БИІКТІ БАҒЫНДЫРҒАН ЖАС ТАЛАНТ!
06
сәуір
2026
СҮЙІНШІ! «АЛТЫН ҚАЗЫНАДА» БИІКТІ БАҒЫНДЫРҒАН ЖАС ТАЛАНТ!
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Экология, өлкетану және туризм орталығы» ұйымдастырған «Алтын қазына» көрме-байқауында шәкіртіміз тамаша нәтиже көрсетті!  «Ұлттық нақыштағы интерьер дизайны» номинациясы бойынша:  ІІ ОРЫН – Әбдімәулен Нұрым Сәкенұлы! Нұрым өзінің ерекше шығармашылық көзқарасымен және ұлттық құндылықтарды заманауи дизайнмен шебер ұштастыра білуімен қазылар алқасын тәнті етті. Бұл жетістіктің артында үлкен еңбек пен кәсіби бағыт-бағдар тұр. Жас дарынды байқауға
“КІТАП ОҚИТЫН ПЕДАГОГ” БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ
03
сәуір
2026
“КІТАП ОҚИТЫН ПЕДАГОГ” БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ
“Кітап оқитын педагог” байқауының аудандық кезеңі өтті. Әл-Фараби ауданы бойынша өткен «Кітап оқитын педагог» байқауының аудандық кезеңінде лицейіміздің ұстаздары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Білім мен руханиятты ұштастырған сайыста кәсіби шеберліктерін танытып, үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз:  Қуатбаева Эльмира Төлендиевна  Лайық Күнзира Анарбайқызы  Айдосова Шынар Тасбековна Сіздерге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және шәкірт
«JAS DARYN » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ БАЙҚАУЫНДА ЖАРҚЫН ЖЕҢІС👯‍♀️
03
сәуір
2026
«JAS DARYN » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ БАЙҚАУЫНДА ЖАРҚЫН ЖЕҢІС👯‍♀️
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 6 «Ғ» сынып оқушысы Сапаржанқызы Айару Астана қаласында би өнері бойынша өткен “ Jas Daryn “ байқуында жоғары шеберлігін көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды. Бұл жеңіс — талмай еңбектің, шығармашылық ізденістің және өнерге деген сүйіспеншіліктің нәтижесі. Айарудың сахнадағы өнері көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Лицей ұжымы дарынды оқушымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруына
БІЛІММЕН БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСТЕР
30
наурыз
2026
БІЛІММЕН БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСТЕР
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.  11-сынып оқушысы Орал Мейіржан – І дәрежелі диплом иегері Пәні: Неміс тілі  8-сынып оқушысы Юсупова Анелия Анваровна – ІІІ дәрежелі диплом иегері Пәні: Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі Жетекшісі: Джумабекова Алия Аманбековна Оқушыларымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Осындай
ЖЕТІСТІК-ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН ТАЛАНТТЫҢ ЖЕМІСІ  ШАБЫТ ЖОБАСЫ
27
наурыз
2026
ЖЕТІСТІК-ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН ТАЛАНТТЫҢ ЖЕМІСІ ШАБЫТ ЖОБАСЫ
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейіміз үшін қуанышты жаңалық! Шабыт жобасы аясында "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде "Жас қаламгер" бағыты бойынша 8 «Ғ» сынып оқушысы Әубәкір Інжу жүлделі ІІ орын иеленді. Бұл жетістік – оқушының шығармашылық қабілеті, терең ойлау жүйесі мен сөз өнеріне деген ерекше қызығушылығының айқын дәлелі. "Жас қаламгер" бағыты – тек жазу шеберлігін ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды
МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ  ВОЛЕЙБОЛ ЖӘНЕ БАСКЕТБОЛ СПОРТ ТҮРІНЕН
02
наурыз
2026
МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ВОЛЕЙБОЛ ЖӘНЕ БАСКЕТБОЛ СПОРТ ТҮРІНЕН
Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің дене шынықтыру пән мұғалімдері: Истыкулова.Б.К және Байдүйсенова.Ж.Р мұғалімдер спартакиядасының қалалық кезеңінде волейбол және баскетбол 3×3  спорт түрінен жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ұйымшылдық пен командалық шеберліктің үлгісін танытып, жүлделі орын иеленгені үшін дипломмен марапатталды.