06
сәуір
2026
ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ МЕН МАРАПАТЫ!
Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған, «Заң мен тәртіп» қағидасы мен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына арналған қалалық зияткерлік куиз ойыны өз мәресіне жетті.
Бұл додада біздің лицей оқушылары ерекше білім деңгейімен, ұйымшылдығымен және тапқырлығымен көзге түсті.
ДТЖЖО Асилова Алима Туймехановна – игі іске ұйытқы болып, лицей атынан қатысушыларға зор қолдау көрсетті.
• Жетекші: Маханбетова Ару Кожантаевна – оқушыларды баптап, зияткерлік додаға жоғары деңгейде дайындады.
Лицейіміздің абыройын асқақтатқан жас зияткерлеріміз бен жетекшілерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Шабыттарыңыз таусылмай, жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер!





