26
мамыр
2026
ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНГЕН ЛИЦЕЙ ОҚУШЫЛАРЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің оқушылары республикалық ұлттық мектеп лигасында 7-8 сыныптар арасында өткен шахмат спорт түрінен І орын иеленіп, Шымкент қаласының намысын абыроймен қорғады.
Білім мен зияткерлікті ұштастырған шәкірттеріміз жоғары дайындық пен ерекше шеберліктің үлгісін көрсетті. Бұл жеңіс — лицейіміздің сапалы білім мен жан-жақты дамуға бағытталған еңбегінің жарқын нәтижесі.
Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!


