САЛАМАТТЫ МЕКТЕП ЖОБАСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қыркүйек
2025

САЛАМАТТЫ МЕКТЕП ЖОБАСЫ



«Саламатты мектеп» жобасы аясында түсіндіру жұмысы
16.09.2025 жыл күні  Шымкент білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен бұйрығы негізінде маңызды іс-шара өтті.
📌 Мақсаты – оқушылар мен ата-аналарға микробқа қарсы препараттарды (антибиотиктерді) дұрыс қолдану мәдениетін қалыптастыру, дәрі-дәрмекті тек дәрігердің тағайындауымен қолдану қажеттігін түсіндіру және қоғамда антибиотиктерге төзімділікті төмендету.
Іс-шара барысында лицей ұжымы мен оқушыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық инфографикалар таныстырылды. Ата-аналар чаттарында ақпараттық материалдар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыс балалардың және жалпы қоғамның денсаулығын қорғауға, өз бетінше емделудің алдын алуға, дәрі-дәрмекті дұрыс қолдану арқылы болашақ ұрпақтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
📣 Лицей ұжымы бұл бастаманы қолдай отырып, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және жауапкершілікпен әрекет етуге шақырады.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив