02
желтоқсан
2025
АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
Lesson Study – мектеп дамуының жаңа бағыты!
28 қараша 2025 жылы Шымкент қаласында білім беру саласының үздік тәжірибелерін тоғыстырған маңызды шара – Lesson Study әдіснамасына арналған аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті.
Бұл жиында өңір мектептерінің мұғалімдері, директорлары, ПШО тренерлері, зерттеуші-педагогтер мен халықаралық тәжірибені білім беру жүйесіне енгізіп жүрген мамандар бас қосты.
Конференцияның мақсаты: Қазақстан мектептеріндегі сабақты зерттеу тәжірибесін талдау, мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін дамыту, WALS-2025 идеяларын практикаға енгізу және білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын ұсыну.
Ресми ашылу рәсімі:
Қатысушыларға құттықтау сөздерін арнап, білім берудегі өзгерістердің өзектілігін атап өткен спикерлер:
1. Калгинбаева Жанар Сакимбековна — ПШО Шымкент филиалының директоры, ф.ғ.к., доцент
2. Сейткулов Нурлыбек Акынович — Шымкент университетінің ректоры, п.ғ.д., профессор
Пленарлық отырыс: WALS-2025 әсерлері мен жаңа инсайттар:
Конференция барысында педагогтердің кәсіби өсіміне серпін берген мазмұнды баяндамалар ұсынылды:
1. «Lesson Study: мұғалімдер қоғамдастығын күшейтудің жолы» — Омарова Г.С.
2. «Моя история в Lesson Study» — Анартаева Гульзира Уласбековна
3. «Lesson Study: халықаралық тәжірибе және кәсіби даму» — Купешова А.Ж.
4. «Жаһандық тәжірибе – жергілікті жетістік» — Сауран ауданы мұғалімдері
Постерлік сессия – мұғалімдер тәжірибесіндегі зерттеулер көрмесі
Постерлік алаңда қатысушылар оқу сауаттылығы, формативті бағалау, ұлттық тәрбие, STEM, және зерттеушілік мәдениет бағыттарындағы жобаларымен бөлісті. Ерекше қуанышты жаңалық: Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері –
Мырзабекова Айжан мен Мусабаева Мира – постер сайысында 1 орынды жеңіп алды.
Бұл – мектеп педагогтерінің еңбегін, зерттеуге деген ұмтылысын және тұрақты кәсіби дамуын айқын көрсететін үлкен жетістік.
«WALS-идеялар тәжірибеде» мастер-класстар сериясы
Тәжірибелік бөлім аясында түрлі бағыттар бойынша мазмұнды шеберлік сабақтары өтті: мектепті зерттеу арқылы тиімді басқару
мұғалімдердің бірлескен зерттеуі мәтіндік талдау және оқу сауаттылығы
AI, AR/VR, нейроинтерфейс технологияларының білім берудегі маңызы
оқушылардың сыни ойлауын, мотивациясын және кәсіби бағдарын дамыту. Бұл тәжірибе мұғалімдердің зерттеушілік дағдыларын дамытып қана қоймай, заманауи технологияларды білім беру үдерісіне тиімді енгізуге жол ашты.







