27
наурыз
2026
ЖЕТІСТІК-ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН ТАЛАНТТЫҢ ЖЕМІСІ ШАБЫТ ЖОБАСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейіміз үшін қуанышты жаңалық! 
Шабыт жобасы аясында "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде "Жас қаламгер" бағыты бойынша 8 «Ғ» сынып оқушысы Әубәкір Інжу жүлделі ІІ орын иеленді.
Бұл жетістік – оқушының шығармашылық қабілеті, терең ойлау жүйесі мен сөз өнеріне деген ерекше қызығушылығының айқын дәлелі. "Жас қаламгер" бағыты – тек жазу шеберлігін ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ойды көркем жеткізу, қоғамға өз көзқарасын білдіру мәдениетін қалыптастыратын маңызды алаң. Осындай додада топ жарып, жүлделі орынға ие болу – үлкен еңбек пен ізденістің нәтижесі.
Інжудің бұл жеңісі – жас ұрпақтың рухани дамуы мен шығармашылық әлеуетінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл жетістік білім ордамыздағы сапалы білім мен тәрбие жұмысының нәтижелі жүргізіліп жатқанын айғақтайды.


