14
қараша
2025
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Біздің лицейімізде 13.11.2025 жыл күні І ауысым сынып жетекшілері ата-аналармен кездесті. Жиналыста оқу жылының негізгі бағыттары, тәрбие жұмысының жылдық жоспары таныстырылып, «Адал азамат» бағдарламасы аясында мектеп пен отбасының бірлескен іс-шаралары талқыланды. Ата-аналарға оқушы формасы, мектеп ішкі тәртібі, қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме берілді.Сондай-ақ
Бұл кездесулер лицей мен ата-аналар арасындағы ашық диалог алаңы болып, өзекті сұрақтарға жауап беруге, ұсыныс-пікірлерді тыңдауға мүмкіндік берді.
Басты мақсат – мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту, позитивті ата-аналық мәдениетін дамыту және адал, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеуде ортақ ұстанымды қалыптастыру.




