ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСТАРЫ ӨТУДЕ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСТАРЫ ӨТУДЕ
19
қыркүйек
2025

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСТАРЫ ӨТУДЕ

      
 






13–20 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектептерінде жалпы ата-аналар жиналыстары өтеді, – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Жиналыстың тақырыбы – «Мектеп пен отбасы: парасатты, жауапты тұлға тәрбиелеудегі ынтымақтастық», бұл кездесу «Адал азамат» бағдарламасы және «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылуда.
Басты мақсат – мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту, позитивті ата-аналық мәдениетін дамыту және адал, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеуде ортақ ұстанымды қалыптастыру.
«Азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға отбасынсыз қол жеткізу мүмкін емес. Ата-аналар мектептің белсенді серіктесі болуы тиіс», – деді Тәрбие және қосымша білім департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.
Бұл жиналыстарға еліміз бойынша 8 мыңнан астам мектеп және 40 мыңнан аса ата-ана қамтылады. Одан кейін ата-аналар комитетінің отырыстары, ал қараша айында алғашқы Республикалық форум өтеді.
📍 Біздің лицейімізде де 13.09.2025 жыл күні  2025–2026 оқу жылының басталуына орай І ауысым  сынып жетекшілер ата-аналармен кездесті. Жиналыста оқу жылының негізгі бағыттары, тәрбие жұмысының жылдық жоспары таныстырылып, «Адал азамат» бағдарламасы аясында мектеп пен отбасының бірлескен іс-шаралары талқыланды. Ата-аналарға оқушы формасы, мектеп ішкі тәртібі, қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме берілді.Сондай-ақ
🔹 Лицейдің ішкі тәртібі мен оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар;
🔹 Оқу жылы бойы өтетін тәрбиелік және білім беру іс-шаралары;
🔹 Оқушылардың қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, мектеп аумағындағы тәртіп ережелері;
🔹 Ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысуының маңызы.
Бұл кездесулер лицей мен ата-аналар арасындағы ашық диалог алаңы болып, өзекті сұрақтарға жауап беруге, ұсыныс-пікірлерді тыңдауға мүмкіндік берді.
✨ Мұндай кездесулердің құндылығы – бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың бір мақсатта, бір бағытта әрекет етуі. Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі, жауапкершілікті азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
🤝 Біз ата-аналарға белсенді қатысып, лицейімізбен серіктестік байланыс орнатқаны үшін алғыс айтамыз!🥰
#Адал_Азамат_Біртұтас_тәрбие
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив