Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейінде 01.09.2022 жылы "Балалар жылы -2022" аясында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі қоғамдық бірлестігінің филиалы- Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Жандосова Баян Айтбековна; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің "Химия және химиялық технология негіздері" кафедрасының профессоры, камқоршылық кеңесінің мүшесі Назарбекова Сауле Полатовна; жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы Жазықбаева Жанетта Канаевна; ардагер - ұстаздар Терещенко Евгения Григорьевна және Шакова Надежда Марковна қатысты. Бірінші сынып оқушыларын алғашқы лицей табалдырығын аттап, салтанатты жиынға толқынды және әсерлі сезімдерімен қатысты. Жаңа оқу жылы құтты болсын!!!