22
ақпан
2022
Аналар кеңесінің жиналысы





Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейінің аналар кеңесінің мүшесі Л.Д.Мошкалова ата-аналармен «Адам деген ардақты ат» рухани әңгіме Zoom платформасында жиналыс өткізіді.
Мақсаты: Ата-ананың өз отбасындағы баланы тәрбиелеудегі рөлі өте маңызды екендігін көрсете білу, баласына адам деген ардақты атқа лайық болу керектігін түсіндіре отырып ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Өткізілген күні: 10.02.2022ж, сағаты:18-00
Қатысқандар:
«Сымбат» үйірме жетекшісі:Л.Д.Мошкалова, педагог-психолог:Ж.М.Полат, сынып жетекші:А.А.Түйешиева,
7қа3 сынып ата-аналар.
Қаралған мәселелер: Адам бойындағы асыл қасиеттер. Адамды жек көрінішті етіп көрсететін қасиеттер.Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі. Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтілді.Өмірлік сұрақ. «Отбасылық социограмма» тесті. Бала тәрбиесі күрделі үдеріс. Бала деген кім? Біздің ұрпағымыздан күтеріміз көп.Американдық психологтар жасаған көңіл күйді анықтауға арналған Физиономиялық Кунин тесті.
Қорытынды. Ата – ана өз баласының тәрбиесі үшін ел, халық алдында жауапты. Олай болса әрбір ата-ана өз балаларының парасатты, білімді азамат болып өсуіне жағдай жасау керек. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.