ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
01
қазан
2026

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында құқық бұзушылықтың профилактикасына бағытталған түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ ҚБ ЮПБ инспекторы, полиция капитаны Палжанов Сәбит Шабданович және Қожантаев Бағжан Шерханович қатысып, білім алушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақтық таныту, қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
👮‍♂️ Полиция капитаны оқушыларға құқықтық нормаларды білу әр азамат үшін маңызды екенін айтып, кез келген әрекеттің белгілі бір жауапкершілігі болатынын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдары өкілімен ашық пікір алмасты.
Іс-шараны лицейдің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Т. Асилова ұйымдастырып, оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етті.
⚖️ Мұндай профилактикалық кездесулердің басты құндылығы – оқушыға тек заң талаптарын түсіндірумен шектелмей, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарау, өз құқығын білу, өзгенің құқығын құрметтеу және қауіпсіз орта қалыптастыру мәдениетін дамыту.
Бала қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбиесі – мектеп, ата-ана, құқық қорғау органдары және қоғамның бірлескен жауапкершілігін талап ететін маңызды бағыт.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау.
Заңды құрметтеу – өзгенің құқығын құрметтеу.
Жауапкершілік – қауіпсіз қоғамның негізі! 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив