01
қазан
2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАН ТАНЫМДЫ САБАҚ
2026 жылғы 30 қыркүйекте Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейде 5-сынып білім алушыларымен «Есептеу техникасының даму тарихы» тақырыбында мазмұнды сабақ ұйымдастырылды.
Сабақты информатика пәнінің педагогі Сандыбаев М.У. өткізді. Сабақ барысында оқушылар есептеу техникасының даму тарихымен танысып, оның негізгі кезеңдерін жүйеледі және болашақтағы технологиялық мүмкіндіктер туралы өз ойларын ортаға салды.
Сабақтың ерекшелігі – білім алушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін заманауи әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылуында. Оқушылар «Есептеу эволюциясы», «Адасқан құралдар», «Роботқа көмектес» әдістері арқылы ақпаратты талдап, есептеу құралдарының даму кезеңдерін ретімен орналастырып, алған білімдерін бекітті.




