ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕР: ТӘЖІРИБЕ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕР: ТӘЖІРИБЕ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
01
қазан
2026

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕР: ТӘЖІРИБЕ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде білім алушылардың әлеуметтік жағдайын зерделеу, әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету және оқушылардың қауіпсіз әрі қолайлы білім алу ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында әдістемелік тәжірибе алмасу кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында №25 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы Жакипбаева Асия Мырзахановна өзінің кәсіби қызметі барысында жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп, әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары бойынша әдістемелік ұсыныстарын ұсынды.
Тәжірибе алмасу барысында білім алушылардың әлеуметтік жағдайын зерделеу, әлеуметтік санаттағы оқушылармен жұмыс жүргізу, отбасымен тиімді байланыс орнату, әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу, құжаттаманы жүйелеу және профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қамтылды.
💬 Кездесу тек тәжірибемен бөлісу алаңы ғана емес, мамандардың өзара пікір алмасып, жұмыс барысында кездесетін мәселелерді талқылауына және тиімді жұмыс тәсілдерін ортақтастыруына мүмкіндік берді. Әріптестер әлеуметтік педагогтің қызметінде жүйелілік, құпиялылық, жеке тәсіл және бала мүддесін қорғау қағидаларының маңыздылығына тоқталды.
🌱 Әлеуметтік педагогтің кәсіби қызметі – оқушының әлеуметтік әл-ауқатын қолдауға, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған маңызды жұмыс.
Осындай әдістемелік кездесулер мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, озық тәжірибені таратуға, жаңа жұмыс тәсілдерін енгізуге және әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың сапасын арттыруға жол ашады.
✨ Тәжірибе бөліскен сайын – кәсіби мүмкіндік артады.
Бірлескен ізденіс – сапалы әлеуметтік қолдаудың негізі!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив