“ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА —ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ СЫЙЛА” » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА —ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ СЫЙЛА”
28
қыркүйек
2026

“ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА —ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ СЫЙЛА”

Crystal Study білім бағдарламасы аясындағы волонтерлік іс-шара.
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыру, олардың бойында жауапкершілік, мейірімділік, жанашырлық және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында Crystal Study білім бағдарламасы аясында волонтерлік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға лицейдің кәсіптік бағдар берушісі Сейілбек Асылзат Жазылбекқызының ұйымдастыруымен оқушылар белсенді қатысты. 
Волонтерлік іс-шара барысында оқушылар табиғат аясында уақыт өткізіп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғау, жануарларға қамқорлық жасау, қоғамдық орындарды таза ұстау және өзара көмек көрсету бағытында түрлі жұмыстар атқарды. 
Crystal Study білім бағдарламасы аясындағы бұл бастама оқушылардың жан-жақты дамуына, әлеуметтік ортаға бейімделуіне және болашақ мамандықты таңдауда қажетті дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болды.
Бүгінгі кішкентай игі іс — ертеңгі үлкен азаматтық жауапкершіліктің бастауы. 🌍✨
Жақсылық жасау — үлкен мүмкіндік күтуді қажет етпейді. Ол өзіңнен басталады!
Іс-шараға белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз! 👏🏻💚
Ұйымдастырушы:
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейдің
кәсіби бағдар берушісі — Сейілбек Асылзат Жазылбекқызы

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив