28
тамыз
2026
2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНДА IT ЛИЦЕЙДІҢ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2026–2027 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Педагогикалық кеңестің негізгі тақырыбы – «2026–2027 оқу жылында IT лицейдің білім беру саясатын жүзеге асырудың негізгі бағыттары».
Кеңес барысында жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісінің басым бағыттары, білім сапасын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, заманауи білім беру технологияларын тиімді пайдалану және педагогтердің кәсіби дамуы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау, білім алушыларға қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша алдағы оқу жылына нақты мақсат-міндеттер айқындалып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бағытталған жұмыстардың басымдықтары белгіленді.
Ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және толағай нәтижелер тілейміз!



