26
тамыз
2026
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында: жаңа оқу жылының басымдықтары мен оларды тиімді іске асыру тетіктері” тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыста педагогтарменбілім алушылардың жан-жақты дамуына, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеуге, адалдық пен жауапкершілікке, еңбекқорлық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы маңызды мәселелер талқыланды.
Тамыз конференция барысында көтерілген өзекті мәселелер мен жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының басым бағыттары туралы Л.Уразымбетова ақпаратпен бөлісті.
Алдағы оқу жылында тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұлғалық дамуына қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы міндеттер нақтыланды.
Мақсатымыз – адал, саналы, білімді әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу!


