ЛИЦЕЙДЕ SWOT-ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЛИЦЕЙДЕ SWOT-ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
26
тамыз
2026

ЛИЦЕЙДЕ SWOT-ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде білім беру үдерісінің сапасын арттыру, қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және даму бағыттарын айқындау мақсатында SWOT-талдау жұмысы жүргізілді.Талдау жұмысын лицейіміздің әдістемелік,бейіндік оқу бойынша орынбасар Ж.И.Сеитова жүргізді.
Талдау барысында лицейдің күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдері сараланып, алдағы оқу жылына арналған басым бағыттар нақтыланды.
🔹 Strengths – Күшті жақтар:
кәсіби педагогикалық құрам, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, IT бағытындағы мүмкіндіктер, оқушылардың олимпиадалық және зерттеушілік жетістіктері.
🔹 Weaknesses – Әлсіз жақтар:
анықталған мәселелерді жүйелі түрде жетілдіру, педагогтердің кәсіби қажеттіліктерін саралау және ішкі резервтерді тиімді пайдалану бағыттары қарастырылды.
🔹 Opportunities – Мүмкіндіктер:
жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, заманауи білім беру технологияларын кеңінен қолдану және серіктестік байланыстарды дамыту.
🔹 Threats – Тәуекелдер:
білім беру саласындағы өзгерістерге бейімделу, оқу жүктемесін тиімді ұйымдастыру және білім сапасына әсер етуі мүмкін факторлардың алдын алу жолдары талқыланды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив