«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП – ҚОРҒАЛҒАН БАЛА – 2026» | 1-КҮН » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП – ҚОРҒАЛҒАН БАЛА – 2026» | 1-КҮН
26
тамыз
2026

«ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП – ҚОРҒАЛҒАН БАЛА – 2026» | 1-КҮН

2026–2027 оқу жылына дайындық аясында лицейімізде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз мектеп – қорғалған бала – 2026» тәрбие-құқықтық интенсивінің алғашқы күні өтті.
📌 Тақырыбы: «Бала – құқық субъектісі»
Интенсив барысында сынып жетекшілері мен педагогтер баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру, құқықтық кейстерді талдау бағытында практикалық жұмыстар жүргізді.
Негізгі ұстаным: баланың құқығын білу ғана емес, оны нақты жағдайда қорғай білу.
Күн қорытындысында педагогтер «Бала құқықтарын қорғау бойынша педагогтің 10 қағидасын» әзірледі.
Әр бала – тұлға. Әр бала – құнды. Әр бала – қорғалуға құқылы!
Интенсивтің алғашқы күнін ұйымдастырған лицей директоры Г.С.Абилдаеваға, тәрбие бағытының орынбасарлары Н.Р.Дусметова. А.Т.Асилова және белсенді қатысқан педагогтерге алғыс білдіреміз.
Қауіпсіз мектеп – қорғалған бала – ортақ жауапкершілігіміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив