26
мамыр
2026
«БІЛІМІМ– ОТАНЫМА !» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА
Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білімім – Отаныма!» тақырыбындағы тұжырымдамасы негізінде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған 11-сынып бітіруші түлектерінің салтанатты жиыны жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адамгершілік, бірлік пен татулық құндылықтарын сіңіру, түлектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы ұстаздар еңбегін дәріптеу және болашаққа сеніммен қадам басатын түлектерге ақ жол тілеу болды.
Салтанатты жиынға арнайы қадірлі қонақтар қатысып, түлектерге жүрекжарды лебіздері мен ақ тілектерін арнады:
Қонақтар өз сөздерінде ел болашағы – білімді жастардың қолында екенін атап өтіп, түлектерге үлкен өмір жолында сәттілік, биік мақсат, адал еңбек пен табыс тіледі. Сонымен қатар, білім мен тәрбие егіз ұғым екеніне тоқталып, жастарды заң мен тәртіпті құрметтеуге, ел дамуына үлес қосатын саналы азамат болуға шақырды.
Мерекелік шара барысында лицей өнерпаздарының орындауындағы әсерлі әндер шырқалып, әсем билер көрермен көңілінен шықты. Көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген сәттердің бірі – бітіруші түлектердің нәзіктік пен сағынышқа толы «Ақ бантик» әніне орындаған әсерлі вальсі болды. Бұл көрініс балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қанат қаққан түлектердің жүрек тебіренісін айқын сездірді.
Салтанатты кеш барысында түлектер ұстаздарына алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасындағы ыстық естеліктерін еске алды. Әрбір сөзден туған мектепке деген сағыныш пен ризашылық сезімі байқалды.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас буынның рухани құндылықтарын нығайтып, елін сүйетін, білімді әрі жауапты азамат қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді.
Мектеп қабырғасынан алған білімдері мен тәрбиесі өмірлеріне шамшырақ болсын!









