«АЛТЫН ҚАЗЫНА» – ӨНЕР МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АЛТЫН ҚАЗЫНА» – ӨНЕР МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ
17
сәуір
2026

«АЛТЫН ҚАЗЫНА» – ӨНЕР МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ




2026 жылдың 16 сәуір күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының Республикалық «Алтын қазына» көрме-байқауының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды.
Аталған байқаудың басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, ата-бабадан мұра болып қалған қолөнер дәстүрін дәріптеу, сондай-ақ эстетикалық талғамын қалыптастыру болып табылады. Көрмеге үйірме оқушылары белсенді қатысып, өздерінің қиялы мен шеберлігін ұштастырған бірегей туындыларын ұсынды.
Көрме барысында ағаш, киіз, жіп, қағаз, табиғи және тұрмыстық материалдардан жасалған бұйымдар, ұлттық нақыштағы сәндік жұмыстар, заманауи бағыттағы креативті жобалар көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір жұмыс оқушының ішкі жан дүниесін, еңбекке деген сүйіспеншілігін және ұлттық мәдениетке құрметін айқын көрсетті.
Байқау нәтижесінде үздік деп танылған жұмыстар иегерлері арнайы марапаттарға ие болып, келесі – қалалық кезеңге жолдама алды. Бұл – жас таланттардың шығармашылық жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
Аталған іс-шараны ұйымдастыруда үйірме жетекшілерінің еңбегі ерекше. Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, олардың қабілеттерін шыңдауда кәсіби шеберлік танытқан жетекшілердің еңбегі зор.
«Алтын қазына» – бұл тек байқау ғана емес, ол ұлттық рухты жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті сіңіретін, еңбекқорлық пен шығармашылықты ұштастыратын маңызды алаң. Осындай игі шаралар арқылы біз болашақтың өнерлі, саналы, мәдениетті тұлғаларын тәрбиелейміз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив