ЛИЦЕЙ ФОРМАСЫ – ТӘРТІП ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨРІНІСІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЛИЦЕЙ ФОРМАСЫ – ТӘРТІП ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨРІНІСІ
11
сәуір
2026

ЛИЦЕЙ ФОРМАСЫ – ТӘРТІП ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨРІНІСІ

Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде оқушылардың лицей формасының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы рейдтік бақылау жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға аға тәлімгер Э. Ж.Султанбаева және педагог-ұйымдастырушы М Б.Үсен тексеріп, І және ІІ ауысым оқушылары толық қамтылды.
Рейдтің негізгі мақсаты – білім алушылардың ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қадағалау, лицей формасына деген жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бақылау барысында оқушылардың сыртқы келбеті, лицей формасының талапқа сай болуы, тазалығы мен ұқыптылығы жан-жақты тексерілді.
Нәтижесінде, оқушылардың басым бөлігі лицей формасын талапқа сай киіп жүргені анықталды. Бұл – лицейімізде тәрбие жұмыстарының жүйелі жүргізіліп жатқандығының айқын дәлелі. Сонымен қатар, жекелеген оқушылар тарапынан мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталмау жағдайлары да кездесті. Аталған кемшіліктер бойынша оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ескертулер берілді.
Осындай рейдтік шаралар оқушылардың тәртіпке деген көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, олардың жауапкершілік сезімін арттыруға, лицейдің ішкі мәдениеті мен бірізділігін сақтауға ықпал етеді. Лицей формасы – тек киім үлгісі ғана емес, ол – білім ордасына деген құрметтің, тәртіп пен ұйымшылдықтың белгісі.
Алдағы уақытта да лицейімізде тәрбие жұмыстары аясында осындай бақылау шаралары тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив