03
сәуір
2026
“МЕНІҢ БАЛАМ- МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ“ ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Бүгін “Менің балам-менің жүрегім: қабылдау және қолдау” тақырында 2 сәуір Халықаралық сирек кездесетін аурулар туралы ақпарат тарату күніне орай лицейімізде ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың ата-аналарымен дөңгелек стол ұйымдастырылды.
Кездесуге №1 емханадан психологтары Келдыбек Ақкербез, Абдазим Арай және лицейдің психолог мамандары тренинг өткізіп, логопедттер баяндама жасады.Іс-шарада ата-аналарға ерекше білімді қажет ететін балалар туралы ақпарат беріліп , балалардың денсаулығы, дамуы және әлеуметтік бейімделуі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ашық форматта өткен кездесуде ата-аналар өз сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті кеңестер алды.
Іс-шараның басты мақсаты – ерекше балаларды қолдау, ата-аналармен тығыз байланыс орнату және қоғамда аутизм туралы дұрыс түсінік қалыптастыру. Осындай кездесулер ерекше балаларды қолдауға, ата-аналар мен лицей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және қоғамда аутизм туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.









