ЛИЦЕЙ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЛИЦЕЙ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
27
наурыз
2026

ЛИЦЕЙ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ


Бүгін Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2001 жылғы түлектердің тағылымды кездесуі өтті. Кездесуге түлектермен қатар, оларға білім мен тәрбие берген ұстаздары да арнайы қатысып, жылы жүздесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында түлектер лицейді аралап, білім ордасындағы оң өзгерістермен танысты. 
Кездесудің ерекше сәттерінің бірі – түлектердің бастамасымен «Түлектер аллеясының» құрылуы болды. Аллеяға арнайы тақтайша орнатылып, кавказ қарағайы, арша және самшит ағаштары отырғызылды. Бұл игі іс келешек ұрпаққа үлгі боларлық дәстүрдің бастамасына айналды.
Осындай мазмұнды әрі әсерлі кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, туған білім ордасына деген құрметті арттыра түседі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив