ҚАУІПСІЗДІК САҒАТЫ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ НАЗАРДА ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАУІПСІЗДІК САҒАТЫ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ НАЗАРДА !
06
наурыз
2026

ҚАУІПСІЗДІК САҒАТЫ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ НАЗАРДА !

Шымкент қаласының Білім басқармасы хатына сәйкес,Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №9 ІТлицейінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқушылар арасында терезеден құлау оқиғаларының алдын алуға бағытталған кең көлемді профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 «Терезеден құлаудың алдын алу» тақырыбында арнайы түсіндірмелер берілді. Оқушыларға қауіпсіздік ережелері (терезе алдында ойнамау, терезеге сүйенбеу, москит торларына арқа сүйемеу, терезені үлкендердің қарауынсыз ашпау және т.б.) тұрақты түрде ескертілді.
Сонымен қатар: 
✔ лицей ғимаратындағы терезелердің техникалық жағдайына бақылау жүргізілді;
✔ бастауыш  сынып оқушыларына  түсіндіру жұмыстары өткізілді;
✔ ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде сынып жетекшілер,ата-аналар чатында  ескертілді. 
Жүргізілген жұмыстардың басты мақсаты – балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, ата-ана мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайту және қауіптің алдын алу.
Баланың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Қауіптің алдын алу – сақтықтан басталады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив