БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
26
ақпан
2026

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде бастауыш сыныптарының пән апталығы өткізілуде. 
      4 ”Ә” сыныбы және сынып жетекшісі А.О.Салыбекова математика пәнінен “Бүтіннің бөлігін табу” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар бүтін мен оның бөліктерін ажыратып, есептер шығару арқылы алған білімдерін бекітті.
     2 ”А” сыныбы және сынып жетекшісі Г.А.Жанабаева қазақ тілі пәнінен “Зат есім “ тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында зат есімнің мағынасы мен түрлері түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар орындалды.
     2 “Ғ” сыныбы және сынып жетекшісі А.К.Мырзабекова математика пәнінен “ Өзіңді тексер” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтауға және өздігінен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталды.
     4 “Г” сыныбы және сынып жетекшісі Л.М.Аблаева  әдебиеттік оқу пәнінен авторы С.Михалковтың “Будь человеком” шығармасын талдап, ашық сабақ өткізді. Сабақта шығарманың мазмұны ашылып, оқушылар адамгершілік пен жауапкершілік туралы ой қорытты.
     2 “А” сыныбы және сынып жетекшісі А.К.Кожагулова еңбекке баулу пәнінен “Дәруменнің пайдасы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар дұрыс тамақтанудың маңызы мен дәрумендердің адам денсаулығына пайдасы туралы ақпарат алды.
Өткізілген ашық сабақтар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тиімді өтті. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы артып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісі айқын көрінді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив